411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ХВҚ өкілі індеттің Орталық Азияға әсері жөнінде айтты

  • 349
  • UPD: 20:44, 28.03.2020

Халықаралық валюта қоры коронавирус салдарымен күресуге 1 триллион доллар көлемінде несие береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы қаржылық ұйым көршіміз Қырғызстанға 80 миллион доллар көлемінде шұғыл несие бөліп те қойған. Айта кетерлігі, мұндай көмек тек осы қорға мүше елдерге көрсетіледі. Жалпы, вирустың салдарынан әлем елдері зор шығынға батқаны белгілі. Індеттің өршуі мен мұнай бағасының төмендеуі әсіресе Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдеріне айтарлықтай салмақ салды.  Халықаралық валюта қоры Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Джихад Азур арнамызға арнайы сұхбат беріп, жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттер экономикалық тұрғыда шұғыл шаралар қабылдауы тиістігін атап өтті.

Джихад Азур, ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры:

– Халықаралық валюта қоры індеттің таралуына қарсы шұғыл әрекет етіп, инфекциядан зардап шеккен елдерге қолдау ретінде 50 миллиард доллар бөлуді ұйғарды. Көмек көрсету бойынша қазір басқа да шаралар қабылданып жатыр. Жалпы, Қазақстанның індет салдарымен күресуге жеткілікті қоры бар. Десе де, біз шұғыл әрекет ету жоспарын құруға көмектесу үшін үнемі ел билігімен байланыстамыз. Яғни бірінші кезекте, билік азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, кәсіпорындарға бұл кезеңнен мейлінше аман шығуға көмектесу қажет. Сондай-ақ, Орталық банк екінші деңгейлі банктерге өтімділіктің қажетті қорының болуын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелер бойынша төлемдерді кейінге шегеру жағы тағы бар. Жалпы алғанда, Қазақстан осы шаралардың бәрін кезең-кезеңімен іске асырып келеді. 

 

Хабар 24 телеарнасы