410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда карантин тағы 2 аптаға ұзартылды

  • 250
  • UPD: 22:29, 28.03.2020

Бельгия жалпыұлттық карантинді тағы 2 аптаға, яғни сәуірдің 19-ына дейін созды.

Қажет болған жағдайда тағы ұзартылуы мүмкін. Себебі, елде вирус жұқтырғандардың саны азаймай тұр. Мектеп, жоғары оқу орындары, дәмхана, мейрамхана бәрі жабылған. Тұрғындарға тек дүкен мен ауруханаға баруға рұқсат. Арақашықтық 1 жарым метрден кем болмауы керек. Көлікке 2 адамнан артық отыруға болмайды. Ал карантин тәртібін бұзғандар 4 мың еуроға дейін айыппұл төлейді.

Софи Уильмес , Бельгия премьер-министрі:

– Ғалымдардың айтуынша, елде аурудың таралуы біршама төмендеген. Бұл – қуанарлық жайт. Бірақ індет толықтай бақылауда деп айту ерте. Дертке тосқауыл қою шаралары енді ғана күшейтіліп жатыр. Егер біз оны жеңілдетсек салдары қиын болуы ықтимал.

Бельгия билігі вирустың таралуы саябырлады деп мәлімдеген сол еді, жағдай қайта өзгеріп шыға келді. Соңғы бір тәулікте СOVID-19-ды жұқтырғандардың саны күрт артып, 1850-ге жетті. 64 науқас көз жұмып, дерттен бақилық болғандар 353-ке жетті.

Хабар 24 телеарнасы