424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID 2019: АҚШ-та әр 17 минут сайын бір адам жан тапсырады

  • 646
COVID 2019: АҚШ-та әр 17 минут сайын бір адам жан тапсырады

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар мен осы індеттен қайтыс болғандардың саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәліметке сәйкес, ел аумағы бойынша 122 мың 600-ден астам адам COVID-19 аурына шалдыққан. Ал 2 мың 147 тұрғын көз жұмды. Адам шығыны ең көп Нью-Йоркте тіркеліп отыр. Сарапшылардың айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде әр 17 минут сайын бір адам жан тапсырады. Ал күні кеше ғана Чикаго қаласында коронавирустан алғашқы нәресте көз жұмды. Оның нақты жасы әзірге белгісіз. АҚШ дәрігерлері коронавирусты 15 минутта анықтайтын тест пайда болғанын айтады.

Естеріңізге салайық, қазір аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды. Жергілікті билік Нью-Йорк, Нью-Джерси мен Коннектикуттың кейбір аудандарын карантинге жабуды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы