420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канада премьер-министрінің жұбайы да коронавирус жұқтырған

  • 354
Канада премьер-министрінің жұбайы да коронавирус жұқтырған RT en français

Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның жұбайына да COVID-19 диагнозы қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Софидің өзі фейсбуктегі парақшасында жуырда коронавирустан айығып шыққанын хабарлады. Белгілі болғандай, ол наурыздың 12-і күні тест тапсырған. Нәтижесінде Софидің коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Дәрігерлер оның ем-дом қабылдағаннан кейін анализ қорытындысы бойынша дертінен сауығып шыққанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы