411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 57 мыңнан асты

  • 184
  • UPD: 21:48, 29.03.2020
Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 57 мыңнан асты

Дерттен 432 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет індетке шалдыққандар бойынша Еуропада үшінші орында тұрғанмен, мұнда көз жұмғандар саны аздау. Дәрігерлер аптасына жарты миллион адамды тексереді. «Бұл вирус жұқтырғандарды дереу анықтап, оның таралуына тосқауыл болады», - дейді мамандар. Бірақ Берлинде 2 мың ғана адам тесттен өткізілген. Себебі, құрал-жабдық тапшы. Ал, мамандар індеттің көрсетері әлі алда екенін айтады.

Тило Калбиц, Берлин қаласы полициясы баспасөз қызметінің басшысы:

- Қазір азаматтар үйде шықпай, қатынасты шектеу керек. Қандай жағдайда сыртқа шығуға болатыны жөнінде ескертулер бар. Мысалы, далада спортпен айналысуға рұқсат. Бірақ адам саябақта бос отырмауы тиіс. Көшедегі орындыққа аз ғана уақытқа отыруға болады. Алайда мұндай демалыс ұзаққа созылмауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы