411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда өзге аймақтардан келген жұмысшылар үйлеріне қайта алмай жүр

  • 216
  • UPD: 18:43, 30.03.2020

Үндістанда дағдарыс басталды. Карантин енгізілгелі өзге аймақтардан келген жұмысшылар үйіне қайта алмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі-бері сенделген жұрт бір-біріне вирус жұқтырып, жағдайды одан сайын ушықтырды. Үндістанда наурыздың 25-і күні 3 аптаға жалпыұлттық карантин енгізілген. Сәуірдің 14-іне дейін барлық халықаралық және ішкі әуе рейстері тоқтап тұр.

Блиц:

- Біз мұнда уақытша жұмыс істеуге келгенбіз. Бірақ карантинге байланысты еңбек орындарымыз жабылып, ақшасыз қалдық. Азық-түлік жоқ. Енді үйге қалай жететінімді білмей отырмын.

Айта кетейік, Үндістанда мыңға жуық адам індет жұқтырған. Олардың 25-і бақилық болды.

Хабар 24 телеарнасы