411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран түрмелерінен 100 мыңға жуық жазасын өтеуші уақытша босатылды

  • 166
  • UPD: 08:26, 30.03.2020
Иран түрмелерінен 100 мыңға жуық жазасын өтеуші уақытша босатылды

Иранда коронавирусқа байланысты түрмелерден 100 мыңға жуық адам уақытша бостандыққа жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған елде індеттің таралуының қайта күшеюі себеп. Бұл туралы Иран Жоғарғы сотының өкілі Хосейн Исмаили мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл адамдардың қоғамға қауіп төндірмеу мәселесі жан-жақты қарастырылған. Айта кетейік, Иранда «Ковид-19»-ды жұқтырғандардың саны 38 мыңнан асқан. Дерттен 2 мың 600-ден астам науқас қайтыс болды. 12 мыңнан астам адам емделіп шықты.

Хабар 24 телеарнасы