411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда дәрігерлер көптеген қиыншылыққа тап болды

  • 258
  • UPD: 08:59, 30.03.2020

Испанияда коронавирустың кеңінен таралуынан дәрігерлер көптеген қиыншылықты бастан кешуде, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мысалы, Мадрид қаласының ауруханаларында медициналық құрал-жабдықтар жетіспей жатыр. Әсіресе, қолғап, бетперде, қорғаныш киімі тапшы. Ақпарат құралдары науқастарды емдейтін дәрігерлер мен мейіргерлер де аз екенін айтады. Ал ауруханалар науқастарға толып, адамдарды дәліз бен едендерге орналастыруға көшкен.

Аугустин Муньоз, дәрігер:

– Ауруханаларға түсіп жатқан науқас көп. Қазір оларды ғимараттағы ашық жерлердің бәріне орналастыра бастадық. Ең қиыны, мұнда дертке шалдықпаған науқастар да бар. Оларға да көмектесу қажет.

Хабар 24 телеарнасы