411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппиннен Жапонияға бет алған дәрігерлер ұшағы апатқа ұшырады

  • 244
  • UPD: 16:01, 30.03.2020
Филиппиннен Жапонияға бет алған дәрігерлер ұшағы апатқа ұшырады

Филиппинде дәрігерлер мінген Lion Air ұшағы құлап, жарылып кетті, деп хабарлады segodnya.ua.

Жапонияға бет алған ұшақта экипаждың үш мүшесі, үш дәрігер, науқас пен тағы бір адам болған.

Оқиға борттағы барлық сегіз адамның өмірін қиды, олардың ішінде екі шетелдік – америкалық және канадалық бар.

Апат себептері анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы