412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяға барушылар жаппай карантинге жатқызылады

  • 196
  • UPD: 16:47, 30.03.2020

Оңтүстік Кореяда жағдай тұрақтанды, бірақ шеттен келетіндерден қауіп сейілмей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді екі күннен кейін елге келушілердің барлығы азаматтығына қарамастан екі апта карантинге жатқызылады. Себебі, коронавирусты жұқтырғандардың соңғы деректерінің үштен бірі шетелдіктерден немесе сырт елдерден келген оңтүстіккореялықтардан анықталып жатыр. Мысалы, өткен сенбіде тіркелген 146 фактінің 41-і Ұлыбритания, Ирландия, Испания және АҚШ пен Таиландтан келген жолаушылардан анықталған. Үкіметтің мұндай шешіміне Сувон қаласында болған жағдай әсер еткенге ұқсайды. Онда Ұлыбритания азаматы 14 күндік карантинді бұзып, қалада серуендеп, гольф алаңына маскасыз барған. Қазір Әділет министрлігі тергеу жүргізіп жатыр. Ұлыбритания азаматы не жер аударылады немесе үш миллион вон айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бұл АҚШ ақшасымен екі жарым мың доллар. Сондай-ақ, елде жаңа инфекция ошағы Тэгу қаласының психиатриялық ауруханасынан табылды. Індетті 75 адам жұқтырған.

Мин Пок Ки, Тэгу қаласының коронавируспен күрес басқармасының басшысы:

– Тэгуда жұқтырғандардың жалпы саны айтарлықтай азайды, бірақ қазір адамдар көп жиналатын жерлерде жаңа ошақтардың пайда болу қаупі бар. Әсіресе ауруханаларда. Оқу жылының басталуы мен парламенттік сайлауды өткізу секілді науқандар вирустың тез таралуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан, мектептер онлайн оқуға көшеді деп ойлаймын. Ал сайлауға келсек, менің ойымша, қандай да бір байланыстан аулақ болу керек.

Хабар 24 телеарнасы