422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Литвадағы НАТО сарбаздары коронавирус жұқтырды

  • 427
  • UPD: 15:30, 30.03.2020
Литвадағы НАТО сарбаздары коронавирус жұқтырды

Литва аумағында тұрақтаған НАТО әскерінің ондаған сарбазы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның бірі голландиялық жауынгер екені анықталды. Қазір ол үйіне қайтарылған. Жалпы, осы оқиғаға байланысты енді аталған альянстың бөлімшесі індеттің жаңа ошағына айналуы мүмкін деген қауіп бар. Бірақ Литваның қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге сай, жергілікті жауынгерлер арасында инфекция жұқтыру деректері әзірге тіркелмеген. Бұған қоса, шетелдік сарбаздар Литваның қарулы күштерінен бөлек жерде орналасқан екен. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Литвада 460 азамат дертке шалдыққан. Жетеуі вирус құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы