413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі дәрі-дәрмек қоры таусылуға жақын

  • 212
  • UPD: 08:40, 31.03.2020
Нью-Йорктегі дәрі-дәрмек қоры таусылуға жақын

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы дәрі-дәрмек қоры бір аптаға ғана жетеді.

Шаһар басшысы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билл де Блазионың айтуынша, алдағы уақытта мұнда әсіресе, өкпені жасанды желдету аппараттарының тапшылығы сезілуі мүмкін. Нью-Йорк АҚШ-тағы эпидемия ошағына айналып барады. Қаланың 32 мыңнан астам тұрғыны коронавирусты жұқтырған. Жергілікті ауруханалар науқастарды қабылдап үлгермей жатыр. Тіпті қажетті ауруханалар кемеде ашылып, әскерилер дала госпитальдерін тұрғызып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы