429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA Жерге таяп келе жатқан астероидты жоймақ

  • 503
  • UPD: 10:46, 31.03.2020
NASA Жерге таяп келе жатқан астероидты жоймақ

АҚШ-тың аэроғарыш агенттігі (NASA) жаз айларында Жерге жақын келетін астероидты жоюға арналған DART миссиясын дайындап жатыр.

Ведомство мәліметінше, ұшып келетін аспан денесі жерге қауіп төндірмейді, бірақ ол жаттығу шабуылдары үшін жақсы нысана болуы мүмкін.

Астероидты жоюға арналған Didymos деп аталатын құрылғы осы ұшып келе жатқан шағын бинарлы астероидты жүйеге бағытталатын болады. Жүйе Didymos A астероидынан - диаметрі 780 метр және Didymos B (160 метр) шағын астероидынан тұрады. 

Dart Didymos B қауіпті астероидпен соқтығысады. Себебі ол мөлшері тұрғысынан Жерге ұшып келе жатқан астероидпен ұқсас.

НАСА хабарлауынша, DART миссиясы 2021 жылдың 22 қыркүйегінде бинарлық астероид Жерден 11 миллион шақырым қашықтықта болған кезде өз мақсатына жетеді. Бұл үшін миссия қару ретінде қуатты ионды қозғалтқышты пайдаланатын болады.

Science Alert

Хабар 24 телеарнасы