424,63 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда кәсіпкерлерге 50 млрд еуро көмек бөлінеді

  • 475
  • UPD: 10:47, 31.03.2020

Германия үкіметі коронавирус салдарынан шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге жәрдем беру бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік бұл мақсатқа 50 миллиард еуро бөледі. Мәселен, қызметкерлер саны бес адамнан аспайтын фирмаларға 9 мың еуро, ал қызметкерлер саны оннан аспайтын компанияларға 15 мың еуродан бөлінеді. Бұл қаражат қайтарымсыз, дегенмен, оны алу үшін компания өз шығындарын дәлелдеуі тиіс.

Петер Альтмайер, Германияның экономика министрі:

- Бұл көмек – осы бағыттағы алғашқы қадамымыз. Жұмыс орындарының қысқаруы мен фирмалардың күйзелісіне жол бермес үшін бұл қаражатты мүмкіндігінше тез бөлуге ниеттіміз.

Бұнымен қатар кәсіпкерлерге салық жеңілдіктері де қарастырылған. Сондай-ақ олар төмен процентпен несие алуларына болады. Дегенмен, сарапшылар «орта бизнес саласындағы әрбір оныншы кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін» деген болжам жасауда. Мысалы, Германия экономикасының арқасүйер саласы – автокөлік өндірісінде жүз мыңға жуық жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Өйткені пандемия салдарынан көліктерге сұраныс 15%-ке төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы