409,98 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда COVID-19 індетінен айыққандар саны өсті

  • 256
  • UPD: 12:58, 31.03.2020
Италияда COVID-19 індетінен айыққандар саны өсті

Қазір Апеннин түбегінде 1590 адам қауіпті індеттен жазылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелидің айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш. Жалпы елде 14620 науқас коронавирустан емделіп шықты. Соңғы тәулікте жаңадан жұқтырғандар саны өткен екі аптамен салыстырғанда төмендегені байқалды.

Италия әлемде коронавирустан қаза тапқандар саны бойынша бірінші орында келеді. Өткен тәулікте 812 адам бұл жалғанмен қош айтысып, елде қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 12 мыңға жақындады.

Хабар 24 телеарнасы