413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та 3000-нан астам адам коронавирустан көз жұмды

  • 267
  • UPD: 12:32, 31.03.2020
АҚШ-та 3000-нан астам адам коронавирустан көз жұмды

АҚШ-та коронавирустан 3 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл ел қаза тапқандар саны жөнінен әлемде төртінші орында тұр. Індет әсіресе, Нью-Йорк шаһарында кең тарап жатыр. Қалада COVID-19-дан қаза тапқандар саны мыңға жақындады. Құрама штаттарда қауіпті індет жылдам тарап, етек жайып барады. Бүгінде Америкада 163 мыңнан аса адамнан қауіпті вирустың белгілері табылды. Ел президенті Дональд Трамптың жақын досы да коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл жайында мемлекет басшысының өзі мәлімдеді. Ел аумағындағы карантин мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылды. Сондықтан азаматтар Пасха мерекесін үйлерінде қарсы алады.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Халықты сабырға шақырамын. Дәл қазіргі сәтте бәріміз үрейге бой алдырмайық. Бұл күннен де өтерміз. Біз әлі жеңісті тойлайтын боламыз. Мықты ел екенімізді дәлелдеп, індетті жеңуге ұмтыламыз. Вируспен күресіп жатқан жандарға алғысым шексіз, олар тынбай еңбек етіп жатыр. Біз миллионнан аса сынама жүргіздік. Бұл шынында да айтуға тұрарлықтай көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы