412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда коронавирусқа байланысты такси кезектік жүйеге көшті

  • 164
  • UPD: 15:37, 31.03.2020
Түркияда коронавирусқа байланысты такси кезектік жүйеге көшті

Түркияда барлық такси нөмірлерінің тақ және жұп болуына байланысты кезекпен қызмет көрсететін болды.

Бұл туралы елдегі «Хабар 24» меншікті тілшісі Меруерт Қанағат хабарлады. Оның айтуынша, шешім елдегі коронавирустың алдын алу шаралары аясында қабылданған. Оған сәйкес, әрбір такси мен жүргізуші жұмысқа бір күн ара салып шығады. Бұл уақытта көлік жіті дезинфекцияланып, жүргізушілердің демалуына бұл мүмкіндік болады.

Айта кеткен жөн, Анадолы жерінде кез келген көлік такси қызметін көрсете алмайды. Тек қана арнайы «Т» нөмірлі сары түсті автомобильдер жұмыс істейді. Ол нөмірдің өзі көліктен де қымбат. Ал, жол ақысы таксиде орнатылған арнайы есептеуіш құрылғы арқылы есептеледі. Соңғы ақпар бойынша, Түркияда коронавирусқа шалдыққандар саны – 10 827. Бұл көрсеткіш бір күн бұрын 9217 болған.

Өмер Гүлшишек, такси жүргізушісі:

Коронавирусқа байланысты жұмыстарымыз 70-80%-ке қысқарды. Ішкі істер министрлігінің шешімінен кейін де екі топқа бөлініп жұмыс істеуіміз дұрыс болды. Себебі, аялдамада топырлап тұрғанша, үйде демалып келгеніміз абзал. Бұл қауіпті індеттің жайылып кетпеуіне әсер етеді деп ойлаймын.

Сердар Аннандинч, такси жүргізушісі:

- Бұл індет бәрімізге қатты әсер етті. Ешкім көшеге шықпағандықтан, жұмыс жоқ. Ертеңімізді көре алмай отырмыз. Бұл жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар. Ол үкіметтің қабылдаған шешімдерін мүдірмей орындау. Табыстан денсаулық маңызды болып тұр ғой.

Хабар 24 телеарнасы