411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехияда студенттер мен оқушылар үйде білім алып жатыр

  • 194
  • UPD: 22:14, 31.03.2020

Чехияда барлық мектеп жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жұрт көшеге шығудан қалған. Оқушылар мен студенттер енді үйде отырып білім алады.

Карантин кезінде тәжірибеден құр қалмау үшін прагалық студенттер онлайн жүйе бойынша білім алып қана қоймай, үйде отырған оқушыларға да сабақ береді. Екі жақтың мүддесін ескерген бастама қайырымдылық жоба арқылы жүзе асқан.

Томаш Гораков, Прага педагогикалық университетінің кураторы:

– Жобаға 8 студент тартылды. Барлық сабақ онлайн түрде өтеді. Ата-аналардың да қатысуына болады. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе болмақ. Ұстаз болғаннан кейін шәкірттерді білім нәрімен сусындатуымыз керек.

Бұл бастаманы елдің өзге де қалаларындағы студенттік ұйымдар қолдай кетті.  Брно қаласының жастары балалар мен ересектерді оқытатын арнайы бағдарлама жасаған. Ал жергілікті кітапханалар желісі оқырмандарға қажетті кітапты үйге жеткізеді.

Ян Водичка, Брно мемлекеттік кітапханасының меңгерушісі:

– Бастапқыда көркем әдебиетке тапсырыс көп болатын. Қазір халық карантин мерзімінің ұзартылатынын түсінген болар, енді өзге де кітаптарды ала бастады. 

Чехияның мемлекеттік телеарналары онлайн оқыту әдісіне көшті. Алдағы аптадан бастап елдің білікті, еңбек сіңірген ұстаздары мен ғалымдары тікелей эфирде сабақ жүргізеді.

Авторлары: Александр Грэс, Дмитрий Лукша, Павел Невид

Хабар 24 телеарнасы