426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Евровидение-2020 байқауының орнына онлайн-концерт өтетін болды

  • 689
  • UPD: 10:25, 01.04.2020
Евровидение-2020 байқауының орнына онлайн-концерт өтетін болды

Евровидение-2020 байқауының ұйымдастырушылары конкурстың орнына онлайн-концерт өткізетіндерін жариялады.

Бұл туралы eurovision.tv сайты хабарлады.  

«Евровидение: Еуропа нұры жарқырайды» деп аталатын интернет-шоу концерт 16 мамырда өтпек.

Концертте дәстүрлі байқауға қатысуы керек барлық орындаушылар жиналады. Ұйымдастырушылар сонымен қатар Евровидениенің соңғы жылдардағы қатысушыларын шақырып, көрерменге тосынсый жасауға уәде етті.

Онлайн-концерт байқаудың YouTube арнасынан көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы