423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік БАҚ: Нигерия – коронавирусқа ең жақсы дайындалған ел

  • 400
Шетелдік БАҚ: Нигерия – коронавирусқа ең жақсы дайындалған ел

Нигериядағы ең ірі шаһар - Лагоста коронавирусқа байланысты карантин тәртібі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол екі аптаға жалғасады. Бұған дейін елдің біраз ауданында тұрғындардың жүріп-тұруы шектелген еді. Мектептер жабық. Сауда орталықтары жұмыс істемейді. Елде коронавирусты 135 адамның жұқтырғаны расталды. Солардың екеуі көз жұмып, сегізі айығып шыққан. Бұған дейін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Нигерияны коронавирусқа ең жақсы дайындалған ел деп атаған еді. Себебі 2014 жылы Либериядан келген ер адам мемлекеттің 20-ға жуық тұрғынына эбола безгегін жұқтырған. Сол кезде жергілікті билік шұғыл әрі қатаң шаралар қабылдап, науқастармен қатынаста болған 900 адамды тапқан. Үкімет қаржы бөліп, мамандарды тартқан. Сөйтіп індеттің таралуын бастапқы кезеңінде тоқтата алды.

Хабар 24 телеарнасы