Таиландта 1 сәуір күні әзілдескендер мен адамдарды алдағандар түрмеге қамалуы мүмкін.
Ол елдегі төтенше жағдай кезіндегі жалған ақпаратпен теңеседі.
Айта кетсек, бұл елде де төтенше жағдай режимі енгізілген. Қазіргі уақытта ел билігі интернетте немесе бұқаралық ақпарат құралдарында дүрбелең туғызуы мүмкін жалған ақпарат таратқандарды 2 жылға дейін қамауға алуға құқылы.