425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей карантин тәртібін бұзатындарға жазаны күшейтті

  • 266
  • UPD: 16:32, 02.04.2020

Ресейде коронавируспен тіркелген науқастар саны 2 мың 800 адамға жақындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инфекциядан ең қатты зардап шеккен аймақ – Мәскеу. Ресей астанасында шамамен 1 мың 900 адам инфекция жұқтырған. Билік карантинді бұзатындарға жазаны күшейтті. Мысалы, коронавирус туралы жалған ақпаратты таратқандарға 300 мыңнан, екі миллион рубльге дейін айыппұл салынады. Немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр.

Мәскеу метросы адамның түр-келбетін анықтау функциясы бар бейнебақылау жүйесімен жабдықталатыны туралы осыдан үш жыл бұрын айтылған еді. Осы жылдың қаңтарында нақты мерзімі жарияланды, жүйе 2020 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылады. Дегенмен, Мәскеу мэриі бұл процесті жеделдете түсетін секілді.

Никита Куликов, Мемлекеттік Думаның сандық экономика жөніндегі сарапшысы:

– Ресейде өткен футболдан әлем чемпионаты қарсаңында және содан кейін де күштік құрылымдар бұл идеяны іліп әкетті. Осы жүйенің көмегімен іздеуде жүрген 100 адам табылды. Олардың барлығы тұтқындалды. Бұл ақпараттық жүйенің әзірден жұмыс істеп жатқанын білдіреді.

Дмитрий Журавлев, аймақтық проблемалар институтының бас директоры:

– Мәскеу мен Петербургте бұл жүйе 100% жұмыс істейді, ірі қалаларда да қосылған, бірақ толық емес.  Егер Ресей  «бір қабатты Америка»  секілді формаға ауысса  онда бұл  іс жүзінде жұмыс істеуін тоқтатады. Себебі біз техника дамуының ондай деңгейіне әлі жете қойған жоқпыз.

Ресей астанасының көшелерінде бақылау камералары әрбір бес метр сайынғы бағаналарда орналасқан. Бірақ сарапшылар олардың әзірге тану сапасы жоғары емес деген пікірде.

Александр Смоленский, «Цифра» компаниясының жасанды интеллект жөніндегі директоры:

– Бұл ретте қала көшелеріндегі жарықтандыру, ауа райы маңызды роль ойнайды, бірақ одан да маңыздысы - маска немесе респиратор кию әрбір нақты адамды тану немесе сәйкестендіру сапасын айтарлықтай төмендетеді. Менің ойымша, осы технологияларды пайдаланған жағдайда идентификация проценті 20-30-дан аспайды.

Мамандар адамдардың қозғалысын бақылау үшін биллингтің деректері, банк карталары бойынша транзакциялар, такси агрегаторларының мәліметтері және ұялы деректер пайдаланылуы мүмкін деп есептейді. Ал енді бірнеше күннен соң Мәскеу қаласының тұрғындары дүкенге немесе дәріханаға шығу үшін мэрия порталынан рұқсат және бір реттік QR-код алуға міндеттеледі.

Ақпараттық технологиялар департаментінің мәліметі бойынша, қала QR-коды бар қосымшаны енгізуге техникалық тұрғыдан толық дайын. Алайда іске қосу мерзімін қала билігі әзірге жарияламай отыр.

Авторлары: Дана Нуржан, Дмитрий Настиченко

Хабар 24 телеарнасы