Қатерлі ісікті екі мәрте жеңіп шыққан Ұлыбританияның тұрғыны Дэвид Александр Уильямс коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады Daily Star.
79 жастағы британдықта COVID-19 белгілері наурыз айының соңында пайда болған. Дегенмен ол бірден ауруханаға бармай, үйде емделмек болған.
28 наурызда Уильямстың тыныс алуы ауырлап, ауруханаға жеткізіледі. Ол екі күннен кейін коронавирустың асқынуынан көз жұмды.