420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ климат бойынша COP26 саммитін кейінге шегерді

  • 393
  • UPD: 08:33, 03.04.2020
БҰҰ климат бойынша COP26 саммитін кейінге шегерді

БҰҰ климат бойынша халықаралық саммиті кейінге шегерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған әлемді дүрліктірген пандемияның кең етек жаюы себеп. Алқалы жиын ағымдағы жылдың қарашасында Шотландияның Глазго қаласындағы Scottish Event Campus ғимаратында өтуі керек болған. Оған 30 мыңға жуық делегат шақырылған. Енді шара 2021 жылға қалдырылды. Нақты күні әзірге белгіленген жоқ. Сонымен қатар Қытайдың Куньмин қаласында өтуі керек биологиялық түрлендіру конвенциясы бойынша кеңес те кейінге қалдырылды. Бұл туралы БҰҰ-ның өкілі хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы