411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лос-Анджелестің миллиондаған тұрғыны далада қалуы мүмкін

  • 232
  • UPD: 08:44, 03.04.2020
Лос-Анджелестің миллиондаған тұрғыны далада қалуы мүмкін

Ал жергілікті билік болса, халықтың үйлерінде отыруын талап етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда шаһардың құқық қорғаушылар қауымдастығы аймақта наразылық акциясын ұйымдастырды. Белсенділер үкіметтен пәтер үшін алынатын жалдау ақысының төленуін кейінге шегеріп, үйсіз жүргендерді қонақүйлерге орналастыруды талап етті. Ереуілге шыққандар оқшаулану талабын сақтау үшін наразылық акциясына өз көліктерімен және терезелеріне плакаттар іліп, темір тұлпарларының дабылын басқан.

Джейкоб Вучер, белсенді:

- Өткен аптада билік баспана жалдап жатқандар дала қалмайды деп уәде берген. Алайда, бұл заң жүзінде бекітілу керек. Тұрғындар көше кезіп қалуы мүмкін. Лос-Анджелесте жалдау ақысы өте қымбат. Тіпті баға өсіп барады. Кезбелердің де қарасы қалың. Пандемияның салдарынан жұмыссыз қалғандардың қатары да артып барады.

Хабар 24 телеарнасы