413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде коронавирустан 50 мыңнан астам адам көз жұмған

  • 155
  • UPD: 10:02, 03.04.2020
Әлемде коронавирустан 50 мыңнан астам адам көз жұмған

Әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Covid-19 дерті 50 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. 200-ге жуығы аты жаман кеселден құлан таза айығып шыққан. Бұған қарамастан, індеттің таралуы қарқын алып барады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлайды. Қазір жаһанның 74 елінде ғалымдар бұл дертке қарсы вакцина іздеуде.

Найджел Кертис, профессор:

- Бүгінде бір вакцинаны сынамадан өткізіп жатырмыз. Ол иммундық жүйені қалпына келтіруге септігін тигізу керек. Өйткені көптеген инфекцияларға қарсы тұру үшін ең бастысы адамның иммундық жүйесі мықты болуы керек.

Ал, АҚШ-та коронавирус жұқтырған науқас жандардың қатары 250 мыңға жуықтады. Бұл әлем бойынша ең үлкен көрсеткіш. Құрама штаттарында бір тәуліктің ішінде 1200 адам бақилық болған. Осылайша, COVID-19-дан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 мыңға жуықтады. Коронавирус елдің барлық штатында табылып отыр. Бір ғана Нью-Йорктың өзінде 50 мыңнан астам науқас тіркелді. Аймақта дәрі-дәрмек пен дәрігерлер жетіспей жатыр.

Хабар 24 телеарнасы