413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда 4 сәуір COVID-19 құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды

  • 179
  • UPD: 14:01, 03.04.2020

Қытай COVID-19 вирусына қарсы күресті әлі де жүргізе береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдегі денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік кеңестің дерегі бойынша қазіргі таңда 200-ден астам адам медициналық бақылауда. Бәрі шетелден келгендер. Ешқайсысында сыртқы ауру белгілері байқалмағанымен, барлығы қауіпті вирусты таратушы болып саналады. Осыған байланысты қазір ел билігі қандай шара қолданып жатыр? Бұл жайлы Бейжіңдегі меншікті тілшіміз Ботагөз Сырғабаева айтып беруге дайын

Диктор:

- Қытай дәрігерлері вирустың таралуын қашан түпкілікті тоқтайтынан қатысты қандай да бір болжам айтты ма?

Ботагөз Сырғабаева, тілші:

- Ауру белгілері байқалмайтын науқастардан қауіптенген Қытай әуежайлардағы сақтық шараларын барынша күшейтті. Енді осындай күдікке ілінген әрбір жолаушы арнайы дәліз арқылы өткізіледі. Бұл шешім олардың әуежай ғимаратындағы өзге адамдарын байланысын үзу мақсатында қабылданды. Бұдан бөлек, Қытай билігі әлі де елге кіріп жатқан азаматтарды екі апталық карантинге жіберу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы індеттің алдын алуға қатысты өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

У Цзунью, ҚХР-ның Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы:

- Үйде оқшаулануға кеңес бермеудің себебі неде? Басты себеп елге кіріп жатқан науқастарда. Оларда ауру белгілері карантин кезінде бір-ақ анықталуы мүмкін. Ал ауру белгілері пайда болғанын күтер болсақ, онда олар вирусты басқаларға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан қауіптің алдын алу үшін олар Қытайға келген бетте карантинге алынады.

Ботагөз Сырғабаева, тілші:

Қазір емханалар ауру белгілері байқалмайтын науқастарды анықтаған жағдайда 2 сағаттың ішінде хабар беруі тиіс. Мұндай науқастар бірден бақылауға алынып, сараптама қорытындысы 2 мәрте теріс нәтиже көрсеткен соң ғана жіберіледі. Қазіргі уақытта вирус жұқтырған осындай азаматтарды анықтау жұмысына санитарлық қызметтер жұмылдырылған. Жалпы ауру белгілері байқалмайтын науқастардың өзгелерге вирус жұқтыру көрсеткіші диагнозы расталған адамдармен салыстырғанда төмен. «Сондықтан мұндай азаматтар індеттің қайта өршуіне себепші бола алмайды», дейді мамандар.

Айта кетерлік тағы бір ақпарат, Қытайда 4 сәуір жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бүкіл ел бойынша және Қытайдың шетелдердегі дипломатиялық миссияларында Қытай туы төмен түсіріледі. Таңғы сағат 10:00-де 3 минут үнсіздік жарияланады. Сонымен қатар бұл күні барлық ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады. Бұған қоса, аталған шараға байланысты тұрғындарға зиратқа бармауға кеңес беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы