433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмғандар саны 3000-ға жетті

  • 534
  • UPD: 16:28, 26.11.2020

Қоғамдық пікір сауалнамасына қатысқан британиялықтардың жартысынан көбі «премьер-министр Борис Джонсон Covid-19-ға қарсы карантиндік шараларды өте кеш қолға алды» деп есептейді.

Сонымен қатар елдегі медициналық желдеткіштер мен тест тапшылығына наразы. Бүгінде Біріккен Корольдікте короновирустан қайтыс болғандар саны 3 мың адамға жетті. Яғни, 24%-ке артып отыр.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Дәрігер Тим Мерчант таң бозынан өз қызметіне кіріседі. Ол содан кешкі сегізге дейін әріптестерімен бірге коронавирус белгілері табылған немесе диагнозы расталған науқастарды қарайды. Жас маман бүгін қанша адамға көмегі тиетінін және олардың ауруының қаншалықты асқынғандығын әзірше білмейді.

Тим Мерчант, дәрігер:

- Кеше кешкі сағат 8-де мен бір науқасқа бардым және ол мүшкіл хәлде болды. Оның тіпті бізді есік алдынан күтіп ала алуға да мұршасы болмады. Аурулардың әрқайсысымен жұмыс істеу үшін бізге жеке қорғаныс құралдарының жаңа жиынтығы керек. Бірақ олар өте тапшы.

Қорғаныс құралдарынан бөлек, британиялық дәрігерлерге алдымен өздері тапсыруы тиіс медициналық тесттер те жетіспейді. Осы уақытқа дейін коронавирусты анықтауға арналған анализдерді бар болғаны 2000 денсаулық сақтау маманы тапсырған. Ал Ұлыбританияда олардың саны жарты миллион. COVID-19-дан жазылып шыққан және оқшаулану уақыты аяқталған Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок бұл бағытта даму стратегиясының жаңа тармақтары туралы айтып берді.

Мэтт Хэнкок, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі:

- Үкімет осы ай соңына дейін коронавирусты анықтауға арналған анализдер санын күніне 100 мыңға дейін жеткізуді ниет етіп отыр. Сонымен қатар үкімет Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ондаған жылдардан бері қордаланып қалған 13,4 миллиард стерлинг фунты көлеміндегі қарызын кешірмек.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

- Қарапайым халық та денсаулық сақтау саласы мамандарын қолдауға тырысып бағуда. Екінші бейсенбі қатарынан Ұлыбританияның түкпір-түкпірінде тұрып жатқан адамдар ыдыс-аяқтарын сыңғырлатып, айқайлап, шапалақтап және ысқырып, медицина қызметкерлерін бүгінгі күннің батырларына теңеп жатыр.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы