411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда табысынан айырылған жандарға көмек көрсететін орталық ашылды

  • 209
  • UPD: 10:08, 04.04.2020

Өзбекстанда қайырымдылық шараларын өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, карантин уақытында азаматтар мен жеке ұйымдардың игі іспен айналысуына болмайды. Соңғы уақытта коронавирустың кесірінен табыссыз қалған өзбекстандықтарға жәрдемдесуге ниет танытқандар көбейген еді. Енді мұқтаж азаматтарға қалай көмек көрсетілмек?

Күрделі кезең өзбекстандықтарды қос бүйірден қысты. Коронавирустың кесірінен көбі табысынан айырылды. Ал тұрмысы төмен отбасылардың жағдайы тіптен мүшкіл. Сол себепті карантин режимі енгізілгеннен кейін қайырымдылық жасаушылар саны артты. Бірі мұқтаж адамдардың үйлеріне барып көмектессе, енді бірі азық-түлікті базарларда таратып жүр.

Камолиддин Юлдашев, кәсіпкер:

– Біз осынау қиын сәттерде бір-бірімізді қолдауымыз керек. Мен қолымнан келгенше халқыма мейілінше көмектесуге дайынмын. Бәріміз біріксек қана коронавирусты де, басқа ауруды да жеңе алатынымызға сенемін.

Иә, Дюманың «Нояндары» секілді «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деп ұрандатты бұлар. Алайда мұндай қайырымдылық шаралары коронавирусты жұқтыру қаупін арттырады дейді жергілік билік. Бұл мәселені шешудің төте жолы – бірыңғай орталық құру. Өзбектер солай істеді.

Енді ішер асқа зар болып жүргендерге көмектесем деген өзбектер азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешекті осында әкеледі. Ал мұқтаж азаматтар мұндағы колл-орталығына хабарласып, керек затына тапсырыс бере алады.

Эльмира Баситханова, Өзбекстанның махалла мен отбасыны қолдау жөніндегі министрінің орынбасары:

– Бізде азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киімді тарататын 22 көлігіміз бар. Олардың барлығы ұдайы залалсыздандырылады. Мұндағы жұмыс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жүргізіледі. Яғни орталықтағы қызметкерлердің бәрі арнайы қорғаныс киімдерін киіп бірақ іске кіріседі.

Бұл орталықтан бір күннің ішінде тұрмысы төмен 2 мыңнас астам отбасына керек заттар үлестірілді. Көбіне мұқтаж азаматтар ет, ұн, күріш, картоп, пияз, қант, май мен макаронға зәру дейді волонтерлар.

Авторлары: Ж.Біркенов және Қ.Оспан

Хабар 24 телеарнасы