411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ пандемияға байланысты жұмыс тәртібін өзгертті

  • 181
БҰҰ пандемияға байланысты жұмыс тәртібін өзгертті

Пандемия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының тәртібіне де елеулі әсер етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші сәуірден бастап бұл органды Доминикан республикасы басқарып келеді. Шектеулерге байланысты бұл елдің дипломаттары бір ай бойы кеңеске мүше он бес мемлекет өкілдерінің өзара әрекеттесуін виртуалды түрде ұйымдастыруға тиіс. БҰҰ-ның баспасөз хатшысы тілшілерге арналған онлайн-брифинг барысында ұйым басшысы Антониу Гутерриштың мемлекет басшыларына жолдаған хатының мазмұнымен таныстырып өтті.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ баспасөз хатшысы:

– Бас хатшы вирусқа байланысты әлем үлкен қиыншылықтарға тап болғанынымен, БҰҰ-ның операцияларына да қаражат жетіспейтіндігін айтқан. 2019 жылды ұйым 711 миллион доллар мөлшеріндегі қарызбен аяқтады. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Егер шығындарымызды азайтпасақ, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, ерте қаражатқа тапшы болуымыз ықтимал. Бас хатшы қызметкерлерді жұмысқа алуды уақытша тоқтатып, тауар мен жабдық жеткізушілерге төлемдерді қысқартуды бұйырғанын жазды.

Хабар 24 телеарнасы