413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияның 31 провинциясы уақытша жабылды

  • 241
  • UPD: 14:34, 04.04.2020

Пандемияға байланысты Түркияның 31 провинциясы уақытша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қалаларға 15 күн бойы көлік кіріп-шыға алмайды. Тек транзиттік жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін автомобильдерге рұқсат етіледі. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат хабарлайды. Оның айтуынша, Анадолы жерінде бүгіннен бастап қосымша шектеу шаралары күшіне енді. Қоғамдық жерлерде азаматтарға бетпердесіз жүруге тыйым салынды. Сондай-ақ сыртта жүрген кісілердің арасында қашықтық кем дегенде 3 қадам болуы тиіс. Бұдан бөлек, елде 20 жастан төмен азаматтарға коменданттық режим енгізіліп, үйлерінен тыс жерлерге шығуына тыйым салынды. Мамандардың айтуынша, егде жастағы кісілерге үйден шықпау – өзін қорғау болса, жастардың үйде болуы – халықты қорғау деген сөз.

Соңғы ақпар бойынша, елде COVID-ке шалдыққандар саны 20 мыңнан асты. Ал, көз жұмғандар 425. Сауығып шыққандар 484 кісі.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Бүгіннен бастап 30 шаһарымызбен қоса өкпе ауруларының жиі кездесетін Зонгулдак провинциясынба көлік қозғалысына тоқтатамыз. Аталмыш қалаларға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен тазалық заттарынан тыс тауарлары алынбайды. Қазірше 15 күн деп белгіледік. Қажет болған жағдайда, ұзартуымыз мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы