411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Паразитке қарсы дәрінің коронавирусты тоқтата алатыны анықталды

  • 617
  • UPD: 22:03, 04.04.2020
Паразитке қарсы дәрінің коронавирусты тоқтата алатыны анықталды

Австралия ғалымдары зертханалаық жағдайда паразитке қарсы ивермектин дәрісі коронавирусты өлтіретінін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 2 күннің ішінде COVID-19 жасушаларының бөлінуін тоқтатқан. Алайда, оның адамға қолданғанда қандай нәтиже беретіні әлі белгісіз. Сондықтан ғалымдар зерттеуді одан әрі жалғастыруды көздеп отыр.

Кайли Вагстаф, ғалым:

- Біз зерттеу барысында ивермектиннің бір мәрте дозасы 48 сағаттың ішінде коронавирустың көбеюін тоқтатқанын байқадық. Ал, алғашқы 24 сағаттың ішінде вирустың таралуын күрт азайтты. Ендігі мақсатымыз – осы зертхана жағдайында қолданылған дәрі мөлшерін адамдарға пайдалануға бола ма жоқ па соны анықтау болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы