411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ruby Princess» круиздік кемесінде вирустың өршуін полиция тексеріп жатыр

  • 159
«Ruby Princess» круиздік кемесінде вирустың өршуін полиция тексеріп жатыр

«Ruby Princess» круиздік кемесінен түскен жолаушылар медициналық тексеруден өтпеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантинге де жатқызылмаған. Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясы осыған қатысты қылмыстық іс қозғады. Себебі бұл құрлықта коронавирустан қаза тапқандардың әрбір үшіншісі – осы крузидік кеменің жолаушылары. Қазір Австралияда вирусты жұқтырғандар саны 5 мың 600-ден асты, 34 адам қайтыс болған. Ал круиздік лайнер Жаңа Зеландияға аттанып, үш күннен соң, яғни 20 наурыз күні Сиднейге оралған. Бортта 2 мың 700 адам болған. Олардың 600-ден астамы коронавирус жұқтырған. Бірақ бұл адамдардың дерті кемеден шығып кеткеннен кейін ғана анықталып отыр. Тергеушілердің айтуынша, жолаушылардың тек 13-і тексерілген. 

Мик Фуллер, аймақтық басқару полициясының комиссары:

– Коронавиурстық инфекцияны тасымалдау ошағы осы кеме екеніне нақты дәлелдер бар. Сидней мен Перт клиникаларында осы кеменің жеті жолаушысы қайтыс болды. Биологиялық қауіпсіздік туралы ұлттық заң мен мемлекеттік заңдарымыздың бұзылғандығын анықтаудың жалғыз әдісі – қылмыстық тергеуді бастау.

Хабар 24 телеарнасы