411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус 3600-ден астам ирандықтың өмірін қиды

  • 220
Коронавирус 3600-ден астам ирандықтың өмірін қиды

Иранда бір тәулікте 151 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша коронавирус 3600-ден астам ирандықтың өмірін қиды. Бірақ елде қауіп күшейіп тұрғанмен, президент Хасан Рухани коронавирусқа қатысты енгізілген бірқатар шектеудің алынатынын хабарлады. Атап айтқанда, Тегеранда 18 сәуірден бастап, ал басқа қалаларда 11-інен бастап баспахана, киім және кітап дүкендері жұмыс істей бастайды. Елде соңғы тәулікте 2 мың 483 адам инфекция жұқтырып, олардың жалпы саны 58 мыңнан асты. Залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Карами Нежад, Тегеран қ. сумен жабдықтау және канализация бөлімі директорының орынбасары:

– Біз қаламызды дезинфекциялау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз. Тегеранда шамамен 360 квартал бар, олардың барлығы залалсыздандырылған. Біз 20 күн, түн бойы тынымсыз жұмыс істедік. Бүгін тағы 40 көлікті жібердік.

Хабар 24 телеарнасы