413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжікстанда коронавирус дерегі жоқтығын ДДСҰ растады

  • 311
Тәжікстанда коронавирус дерегі жоқтығын ДДСҰ растады

COVID-19 футболға кедергі емес. Пандемияға байланысты әлем бойынша спорттық іс-шаралар кейінге шегеріліп жатқанда, сенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбеде футболдан Суперкубок ойыны өтті.

Бұл елде коронавирус жоқ. Бірақ сақтық үшін ойынға жанкүйерлер келмеген. Сөйтіп трибуна бос тұрды. Ал алаңға шыққан «Истиклол» және «Худжанд» командаларының ойыны 2:1 есебімен аяқталды. Ал бүгін футболдан ел чемпионаты басталады, оны көрермендер теледидар арқылы тамашалайды. Тәжікстанда әлі бірде бір жанның індет жұқтырмағанын бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған болатын. 

Виталий Левченко, «Истиклол» ФК бас жаттықтырушысы:

– Қарсыластарға көрермендердің жоқтығы аса қатты әсер етпеген секілді. Олар ойынның екінші жартысын қорғанумен өткізді. Ал бұл үшін жанкүйерлер қажет емес. Ал мына бізге жанкүйерлердің эмоционалды күші жетіспеді. Дегенмен жақын арада олармен жүздесеміз деп ойлаймын. Өйткені Тәжікстанда коронавирус жоқ. Сондықтан мамыр айында жанкүйерлер стадионға келіп, бізбен бірге қуанады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы