413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістандағы Ганг өзенінің суы тазарды

  • 262
  • UPD: 07:43, 06.04.2020
Үндістандағы Ганг өзенінің суы тазарды

Карантиннен табиғат жаңарып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үндістандағы Ганг өзенінің суы тазара түскен. Жүздеген зауыттардан келіп құятын ағын сулардың көлемі азайды. Ганг – үнділер үшін қасиетті және Гималайдан Бенгал шығанағына дейін созылатын Үндістандағы ең ұзын өзен.

Айта өту керек, елде карантин режимі 15 сәуірге дейін ұзартылды. Коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты, 117 өлім тіркелді. Бұл сандар АҚШ, Италия және Қытай сияқты елдермен салыстырғанда көп емес, дегенмен, мамандар бірер аптада инфекция өрши түседі деп болжайды.

Сомна Вишвакарма, Варанаси қ.тұрғыны:

- Адамдар Ганганың суына шомылмайды, онда кір-қоңын жумайды. егер алдағы он күн және әрі қарай осылай жалғасатын болса, өзеннің суы бұрынғысынша тап-таза бола түседі.

Хабар 24 телеарнасы