429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ президенті Борис Джонсонға тез арада сауығып кетуді тіледі

  • 452
  • UPD: 11:41, 06.04.2020

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа байланысты ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Британ үкіметі таратқан хабарламаға сай, мұндай шара сақтық мақсатында жасалып отыр. Өйткені Борис Джонсонда коронавирус белгілері бар көрінеді. Қазір үкімет басшысы Сент-Томас емханасында жатыр.

Естеріңізде болса, 27 наурызда Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, кейін инфекция жұқтырғаны анықталған еді. Осыдан кейін ол өз резиденциясында оқшауланған болатын.

Айта кетейік, алдағы уақытта Борис Джонсон үкімет басшысы ретінде өз міндеттерін атқаруға қабілетсіз деп танылса, министрлер кабинетін сыртқы істер министрі басқарады. Өз кезегінде, АҚШ президенті Дональд Трамп Джонсонға тез арада сауығып кетуді тіледі.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Америка халқы атынан премьер-министр Борис Джонсонға тез арада сауығып кетуді тілеймін. АҚШ жұрты үкімет басшысының жазылып кетуі үшін дұға етуде. Джонсон менің досым. Ол нағыз джентльмен әрі ұлы көшбасшы. Бәріңіз білетіндей, бүгін оны ауруханаға жатқызды. Дегенмен, онымен бәрі жақсы болады деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы