430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда COVID-19 вирусын анықтайтын тестілердің 25 түрі бекітілді

  • 495
  • UPD: 11:08, 06.04.2020

Қытайда соңғы тәулік ішінде коронавирус жұқтырған тағы 39 адам тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 38-і – сырттан келгендер. Бұдан бөлек, қатерлі вирустан 1 адам қайтыс болып, 78 азамат ауру белгілері байқалмайтын науқастар қатарына қосылды. Олардың да жартысына жуығы шетелден оралған екен. Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті осындай дерек келтірді.

Ботагөз Сырғабаева, тілші:

- Қытайда коронавирус құрбандарын аза тұтуға байланысты берілген демалыс күндері әлі де жалғасып жатыр. Бірақ кеселдің кеңінен етек жаюына байланысты тұрғындар ел билігі берген кеңестеріне құлақ асып, үйде қалған. Сондықтан осы күндері зиратқа бару айтарлықтай азайған. Ал індеттің алдын алу ісіне келер болсақ, қазіргі уақытта бұл елде коронавирус белгілерін анықтайтын тесттің 25 түрі бар. Бұл туралы жуырда Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі мемлекеттік басқарма өкілі хабарлады. Бұған қоса, қазір сол тестілер күніне 4 миллионнан астам данамен шығарылып жатыр.

Чжан Ци, ҚХР Азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі мемлекеттік басқарма директорының орынбасары:

- Тестілеу реагенттері екі санатқа бөлінген. Бірі нуклеин қышқылдарын, екіншісі антиденелерді анықтауға арналған. Бірақ соңғысы тек қосымша тест ретінде пайданылады. Яғни, нуклеин қышқылдарын анықтайтын тест теріс нәтиже көрсеткенде ғана антидене тестті қолданылады. Сондықтан аталған тест адам ағзасында вирустың бар-жоғын анықтауда негізгі құрал бола алмайды. Ол халықты жаппай тексеруге жарамсыз. Тек медициналық мекемелерде ғана пайданылады.

Ботагөз Сырғабаева, тілші:

- Бұдан бөлек, Қытай өзге елдерге коммерциялық негізде медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу ісін жалғастырып келеді. Мұндай экспорттың көлемі соңғы уақытта айтарлықтай артқан. Мәселен, өткен айдың өзінде Қытай 1,5 миллиард долларға тауар экспорттаған. Бұл туралы індеттің алдын алуға қатысты өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.

Авторлары: Ботагөз Сырғабаева, Әйгерім Сүлейменова

Хабар 24 телеарнасы