405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испан тұмауынан аман қалған 104 жастағы италиялық коронавирусты да жеңді

  • 637
  • UPD: 12:16, 06.04.2020
Испан тұмауынан аман қалған 104 жастағы италиялық коронавирусты да жеңді

Италияның Биелла қаласының 104 жастағы тұрғыны коронавирустан емделіп шықты,  деп жазды DailyMail.

Осылайша, Ада Зануссо коронавирусты жеңген әлемдегі ең қарт адам болды.

Бір қызығы, 1918 жылы ол адамзат тарихында болған ең үлкен пандемия саналатын «испан» індетінен аман қалған.

Ол 17 наурыз күні қарттар үйінде ауырып, коронавирус жұқтырғаны үшін ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның денсаулығының ауырлығына қарамастан, есін жоғалтпағанын және тез сауығып кеткенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы