414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ: Карантин кезеңінде әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылық та өрши бастады

  • 188
  • UPD: 15:15, 06.04.2020
БҰҰ: Карантин кезеңінде әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылық та өрши бастады

Жаһанды жайлаған коронавирусқа байланысты карантин кезеңінде әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылық та өрши бастаған.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы апталарда экономикалық және әлеуметтік қысымның күшеюіне байланысты дүниежүзі бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері айтарлықтай артқан. Сондықтан әлем елдері бұл мәселені шешудің нақты жолдарын қарастыруы тиіс. Себебі, кей елдерде әлімжеттікке тап болған әйелдерге қолдау көрсететін дағдарыс орталықтарына жан сауғалап келген жандардың саны екі есеге артыпты.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

- Коронавирус індеті бүкіл әлем бойынша адам айтқысыз азап әкелуде. Сондықтан дәл қазірден бастап зәбір көрсетуді тоқтатуға шақырамын. Ол үшін барлық елдің үкіметтері COVID-19-бен күресу жоспарына әйелдерге жәбір көрсетудің алдын алу бойынша нақты шара қабылдаулары қажет.

Хабар 24 телеарнасы