425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда COVID-19 кесірінен мигранттар лагері карантинге жабылды

  • 266
  • UPD: 14:36, 06.04.2020
Грекияда COVID-19 кесірінен мигранттар лагері карантинге жабылды

Грекияда мигранттарға арналған екінші лагерь карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 53 жастағы ауған азаматының коронавирус жұқтыруы себеп болды. Қазір науқас ел астанасындағы ауруханаға жатқызылған. Ал, мигранттар орталығы енді 2 апта бойы оқшауда болады. Оған ешкім кіріп-шыға алмайды. Тәртіптің сақталуын полиция патрулі қадағалайды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Рицона деп аталатын мигранттар лагері жабылған еді. Ол Грекияның орталық бөлігінде орналасқан. Онда коронавирус жұқтырған 20 адам анықталған болатын.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Грекияда 1700-дей адам инфекцияға шалдыққан. 73 азамат қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы