413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда төтенше жағдай режимі енгізіледі

  • 196
  • UPD: 15:29, 06.04.2020
Жапонияда төтенше жағдай режимі енгізіледі

Коронавирустың дендеуіне байланысты Жапонияда төтенше жағдай режимі енгізілмекші, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, үкімет басшысы Синдзо Абэ оны сейсенбі күні жариялайды. Ал шектеу шаралары сәрсенбіден бастап күшіне енеді. Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай Токио мен Осакада жарияланады. Себебі, бұл екі қалада 1000-нан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. Ал, бүкіл ел бойынша инфекцияға шалдыққандардың саны 3500-ден асады. 85 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы