413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда коронавирус жұқтырғандар саны жүз мыңнан асып кетті

  • 165
  • UPD: 23:44, 06.04.2020

Әсіресе Бавария, Солтүстік-Рейн Вестфалия және Баден Вюртемберг өңірлерінде жағдай ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл аймақтарда 65 мыңнан аса адам дертке шалдыққан. Осыған байланысты кей аумақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мәселен, Йена қаласында көшеге бетпердесіз шығуға тыйым салынды. Бұл тәртіпке бағынбаған адамға 50 еуро мөлшерінде, ал бір жарым метр арақашықтықты сақтамағандарға 100 еуро мөлшерінде айыппұл салынады. Қазір Берлин көшелерінде адам қарасы азайған. Осы аптаның аяғында Пасха мейрамы болуы тиіс еді, бірақ билік өкілдері ел тұрғындарын үйден шықпауға шақырып отыр. 

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Пасха мейрамы кезінде көбі шіркеуге барады. Туыстарымен бірге көкке шығып серуендейді. Теңізге баратын. Алайда биыл мерекені өзгеше өткіземіз. Кейбіреуі біз екі апта бойы ереже сақтап жатырмыз, бұл әлі қаншаға созылады деуі мүмкін. Егер мен шектеулер алынатын нақты бір күнді атасам, бұл өз тарапымнан жауапкершіліксіз болар еді. Барлық ережені сақтауларыңызды өтінемін. Бетперде тақсаңыз да, арақашықтық сақтауды ұмытпаңыз.

Ал осындай қиын кезде жұмыс істеп жүргендерге ақшалай жәрдем беріледі. Баварияда вируспен күресіп жатқан барлық медицина қызметкерлері 500 еуро мөлшерінде сыйақы алатын болды. Берлинде де кейір саясаткерлер дәрігерлермен қатар, полицейлер мен дүкен сатушыларына сыйақы немесе сыйлық сертификаттарын беруді ұсынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы