421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде алты миллионға жуық медбике жетіспейді

  • 337
  • UPD: 14:42, 07.04.2020
Әлемде алты миллионға жуық медбике жетіспейді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, бүкіл әлемде медбике кадрларының тапшылығы кем дегенде 5,9 миллионды құрайды.

«Әлемде 28 млн медбике қызметкері бар. 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін олардың саны 4,7 миллионға өсті. Дегенмен, бүкіл әлемде бұл қызметкерлердің тапшылығы 5,9 миллионды құрайды. Әсіресе Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Жерорта теңізі аймағы, сондай-ақ Латын Америкасының бірнеше елінде тапшылық деңгейі жоғары», - деді ДДСҰ.

Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін медбикелер санын жылына орта есеппен 8%-ға көбейту керектігі айтылған.

Хабар 24 телеарнасы