419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда COVID-19 құрбандарының саны 10 мыңнан асты

  • 188
  • UPD: 11:10, 08.04.2020
Францияда COVID-19 құрбандарының саны 10 мыңнан асты

Францияда соңғы тәулікте коронавирустен 1000-нан аса адам қайтыс болып, 11 мыңдай азамат вирус жұқтырды.

Осылайша, елдегі коронавирус құрбандары 10 мыңнан асты. Ал науқастардың жалпы саны 110 мыңға жақындаған. Джонс Хопикинс университетінің мәліметіне сай, енді Франция коронавирустен болған өлім көрсеткіші бойынша Италия, Испания және АҚШ-тан кейін төртінші орында тұр. Айта кетейік, бұған дейін Париж билігі шектеу шараларын тағы да қатаңдатқан еді. Жаңа тәртіп бойынша тұрғындардың күндізгі уақытта далада жүгіруіне тиым салынды.

Жером Саломон, денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

– 1-ші наурыздан бастап ауруханаларда, қарттар үйінде коронавирустен көз жұмғандардың саны 10 мың 328-ке жетіп отыр. Қайтыс болғандардың 82 проценті 70 жастан асқан азаматтар.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы