Коронавирус кесірінен жан сақтау бөліміне түскен Борис Джонсон рухани күйзеліске түскен жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Және оған өкпені жасанды желдету аппараты қосылмаған. Ол өзі демалып жатыр. Ұлыбритания премьер-министрінің денсаулық жағдайы туралы мәлімет берген өкілдері осылай деді. Еске сала кетейік, министрлер кабинетінің басшысы жексенбі күні ауруханаға жатқызылған болатын. Енді Джонсонның Үкімет басшысы ретіндегі міндетін елдің сыртқы істер министрі Доминик Рааб атқаратын болды.