430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Борис Джонсонның жағдайы жақсарып келеді

  • 321
  • UPD: 12:02, 09.04.2020
Борис Джонсонның жағдайы жақсарып келеді

Коронавирус кесірінен жансақтау бөліміне түскен Борис Джонсонның беті бері қарап келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол төсекке өздігінен отырып, дәрігерлермен сөйлесе бастады. Премьер-министрдің денсаулығы жайлы жаңалықпен бөліскен Корольдіктің қаржы министрі осылай деді. Бірақ үкімет басшысы әлі де жансақтау және интенсивті терапия бөлімінде жатыр екен.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Борис Джонсонның коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Сөйтіп, 5 сәуір күні ол ауруханаға жатқызылды.

Хабар 24 телеарнасы