425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ханзада Гарри мен Меган Маркл Лос-Анджелеске қоныс аударды

  • 325
  • UPD: 16:32, 09.04.2020

АҚШ-та коронавирус өршіп жатқанда Британ ханзадасы Гарри мен оның жұбайы Меган Маркл Лос-Анджелеске көшіп барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың індет аз тараған Канададан қоныс аударуы көпшілікті таңқалдырып отыр. Сондықтан болса керек, америкалық басылымдардың ең көп жазып жатқан тақырыбына айналды.

Еске сала кетейік, ханзада Гарри мен Меган Маркл Корольдік лауазымдардан бас тартқан. Америкалықтардың ерлі-зайыптының бұл шешіміне қатысты пікірі екіге бөлінген. Бірі олардың қаржылай тәуелсіздігін қолдаса, енді бірі Корольдік дәстүрді бұзғанын айыптайды.

Тегу Сасонго, Нью-Йорк университетінің студенті:

- Менің ойымша, оларға кино мен өзге де коммерциялық жобаларда жұмыс істеуге мүмкіндік туатын шығар. Бірақ шынымды айтсам, Меган молшылық пен Британия ханшасы болу мәртебесінен неге бас тартқанын түсінбеймін. Оның орнында болуды армандайтын қыздар көп. Бірақ бұл Меганның шешімі ғой.

Марсела Равел, мәдениеттанушы:

Өзім басым Меганның АҚШ-қа оралуын қаламаймын. Меніңше, ол Корольдік отбасына құрметпен қарауы тиіс еді. Сондықтан біздің емес, басқа елге барғаны дұрыс шығар. Себебі, біз отбасылық дәстүр мен мәдениетті құрметтейтін халықпыз.

Хабар 24 телеарнасы