420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Латын Америкасы елдерінде коронавирустың таралуы қарқын алып барады

  • 366
  • UPD: 15:29, 09.04.2020
Латын Америкасы елдерінде коронавирустың таралуы қарқын алып барады

Латын Америкасы елдерінде вирустың таралуы қарқын алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяуда Перу президенті елде карантин мерзімі ұзартылатынын жариялады. Қазір аймақта қауіпті вирус жұқтырғандардың саны 3600-ден асты. 107 адам осы кеселден көз жұмды. Аргентинада да жағдай мәз емес. Ауруханаларда COVID-19 диагнозы расталған науқастарды емдейтін орын тапшы. Өңірдегі кейбір мектептер уақытша емдеу орындарына айналуда. Бүгінде Аргентинада коронавирусқа шалдыққан 1715 адам тіркеліп отыр. 63 адам көз жұмды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, тұрғындардың үйде оқшаулануының арқасында аймақта вирустың таралуы бәсеңдеді. Алайда, болжам бойынша мамыр айында індет қайта өршіп кетуі мүмкін. Сондықтан мамандар карантиннің уақытын ұзарту керек деген тоқтамға келді.

Хабар 24 телеарнасы