422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түрікменстанда пандемия кезінде 3500 адам веложарысқа қатысты

  • 339
  • UPD: 15:57, 09.04.2020
Түрікменстанда пандемия кезінде 3500 адам веложарысқа қатысты

Түрікменстанда коронавирустық пандемияға қарамастан Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жаппай велошеру өтті.

Бұл туралы Turkmenportal хабарлады.

Ашхабадта велошеруге 3500 адам қатысып, 15 шақырым жол жүрді. Осындай акцияға ел бойынша жеті мың адам атсалысты. Сондай-ақ басқа да бұқаралық спорттық іс-шаралар, соның ішінде баскетбол, теннис және жеңіл атлетика бойынша жарыстар өткізілді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Түрікменстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

Еске салсақ, Түрікменстанда «коронавирус» сөзіне тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы